Меркельге «Құрмет белгісі» ордені берілді

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Ангела Меркельге арнайы әзірленген Германия Федерал Республикасының «Құрмет белгісі» орденінің "Үлкен Крестін" табыс етті.

1976471
Меркельге «Құрмет белгісі» ордені берілді

Германияның бұрынғы премьер-министрі Ангела Меркель Германиядағы ең жоғары қызмет медалі болған «Құрмет белгісі» орденінің "Үлкен Крестімен" марапатталды.

Беллевю сарайында өткен салтанатты шарада Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Ангела Меркельге арнайы әзірленген Германия Федерал Республикасының «Құрмет белгісі» орденінің "Үлкен Крестін" табыс етті.

Президент Штайнмайер рәсімде сөйлеген сөзінде Ангела Меркельге берілген "Үлкен Кресттің" «ерекше нұсқасы» арнайы безендірілген орден екенін айтты және сөзін жалғады:

«Бұл орден соңғы рет 25 жыл бұрын Гельмут Кольге еліміздің бірлігі жолындағы қызметі үшін берілді. Бүгін мен Ангела Меркельді осылайша құрметтеп жатқаныма қуаныштымын.

Канцлер ханым, мен сізді ерекше ұзақ қызметіңіз үшін және демократияны нығайту жолында нанымды түрде пайдаланған ерекше саяси өміріңіз үшін құрмет көрсеткім келеді. Сіз елімізге бұрын-соңды болмаған сынақтар жағдайында жаңа экономикалық табыстарға жетуге үлес қостыңыз.»

Меркельдің күтпеген жағдайлармен қалай күресу керектігін білетінін атап көрсеткен Штайнмайер:

"Берлин Қабырғасы құлаған кезде сіз 35 жаста едіңіз. Сіз Берлин Қабырғасы құлағаннан 16 жылдан кейін премьер-министр лауазымына сайланған тұңғыш Шығыс Германия азаматы  және алғашқы әйел болдыңыз" деді.

Меркельдің үш қабілетіне тоқталған Штайнмайер бұл оның фактілерге табандылығы, келіссөздер жүргізу өнері және ымыраға келу қабілеті арқылы мемлекеттің ең іргелі қағидаларын қорғаудағы батыл шешімі екенін атап өтті.

Осы уақытқа дейін бұл жоғары құрметке бұрынғы премьер-министрлер Конрад Аденауэр мен Гельмут Коль ғана ие болған.

Аденауэр, Коль және Меркель Германиядағы ең ұзақ қызмет еткен үш премьер-министр ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар