Испания мен Францияның оңтүстігінде орман өрті

Испанияның Франциямен шекарасындағы Портбу қаласында орман өрті шықты.

1975925
Испания мен Францияның оңтүстігінде орман өрті

Испанияның Франциямен шекарасындағы Портбу қаласында орман өрті шықты. Аймақтан 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Екі елді байланыстыратын пойыздар мен жолдар жабылды.

Шекараның француз жағында басталған өрт жексенбі күні Испанияға өтті. Осыған орай кейбір тұрғындар эвакуацияланды.

Испанияның мемлекеттік ақпарат құралдары шекараның екі жағында кем дегенде 750 гектар жер өртенгенін хабарлады.

Екі елді байланыстыратын пойыздар мен жолдар да жабылды.

Каталония үкіметі француз тарапындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тоғыз өрт сөндіру тобын жібергенін хабарлады.

Осы барыста  Жерорта теңізі жағалауындағы басқа бір Франция қаласының маңында екінші өрт шықты.

Жүздеген өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Испания мен Францияның оңтүстігінде өткен жаздағы қатты құрғақшылықтан кейін жауын-шашын аз болғандықтан, қыс бойы орман өрттерін бастан кешірді.



Ұқсас жаңалықтар