Қытай Тайвань аралында ұшуға тыйым салды

Шектеуге байланысты рейстер Тайпей Әуе ақпарат желісінен Жапонияның оңтүстігіндегі Фукуока Әуе ақпарат желісіне  ауыстырылады.

1975064
Қытай Тайвань аралында ұшуға тыйым салды

Әскери әрекеттерге байланысты Қытай 16-18 сәуір аралығында Тайвань аралының солтүстігі үшін «ұшуға тыйым салынған аймақ» декларациясының мерзімін шектеді.

Бейжің әкімшілігі жариялаған жаңа әуе және теңіз қауіпсіздігі ескертуіне қарағанда аралдың солтүстігінде 3 күн бойы жарияланған ұшуға тыйым салу 16 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09:30 - 09:57 аралығында жүзеге асырылады. 

Тайваньдағы көлік органы егемендік туралы дауы бар Қытайдың шешіміне азаматтық әуе қозғалысына кедергі келтіреді деген уәжбен қарсылық білдірген болатын.

Ұшуға тыйым салынған аймақ Тайвань аралынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 85 теңіз милі алыстықта орналасқан.

Жаңа ескерту Тайваньға кіріп-шығатын 33 рейске әсер етеді деп хабарланды. Ескертуге байланысты рейстер Тайпей Әуе ақпарат желісінен Жапонияның оңтүстігіндегі Фукуока Әуе ақпарат желісіне  ауыстырылады.

Тайпей Әуе ақпарат желісі тәулігіне 18 халықаралық бағытта шамамен 160 сапар үшін пайдаланылады.



Ұқсас жаңалықтар