Франциядағы апатта қаза тапқандар саны 8-ге жетті

«France Bleu»-дың хабарына қарағанда Марсель прокуратурасы жазбаша мәлімдеме жасады.

1974284
Франциядағы апатта қаза тапқандар саны 8-ге жетті

Францияның Марсель қаласында 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түні болған жарылыстан кейін ғимаратта опат болғандар саны 8-ге жетті.

Франциядағы жергілікті және аймақтық радиостанциялар желісі «France Bleu»-дың хабарына қарағанда Марсель прокуратурасы жазбаша мәлімдеме жасап, үйінді астындағы соңғы 2 адамның мәйіттерінің де шығарылғанын білдірді.

Қаза тапқандар саны 8-ге жеткенімен, марқұмдардың куәліктерінің анықталғаны хабарланды.

Сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні болған жарылыстан кейін Марсельдің Тиволи ауданында 5 қабатты ғимарат құлап, алғашқы мәліметтер бойынша 33 адам жарақат алған болатын.

Қауіпсіздік мақсатында маңайдағы ғимараттардан 200-ге жуық адам эвакуацияланды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталып, билік жарылыстың табиғи газдың шығуы салдарынан болуы мүмкін деген болжам жасалғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар