Польшаға келген украиндықтар саны 11 миллионнан асты

Польшадан кеткен украиналық саны болса 9 миллион 259 мың болған.

1973228
Польшаға келген украиндықтар саны 11 миллионнан асты

Украинадан Польшаға барған босқын саны 10 сәуір күнгі деректер бойынша 11 миллионнан асты.

Польша Шекара күзетшілерінің «Twitter» есебінен жарияланған хабарламада Украина-Ресей соғысы басталғалы бері елге қарай көш болып жатқаны еске салынды. Польшаға тек бір күнде 20 мың адам кірген. «Соғыс басталғалы бері Украинадан Польшаға келген адам саны 11 миллионнан асты» деп айтылды.

Польшадан кеткен украиналық саны болса 9 миллион 259 мың болған.

Польшаның ЕО-дағы тұрақты өкілдігінің деректеріне сай Украинадан Польшаға келген босқындардың 87 пайызы – балалар мен әйелдер.



Ұқсас жаңалықтар