АҚШ балық аулау келісімін бекітті

Дүниежүзілік Сауда Ұйымы тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

1973770
АҚШ балық аулау келісімін бекітті

Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) шамадан тыс балық аулауға себеп болатын «Балық аулауға субсидияларды азайту туралы келісімді» бекіткен алғаш ірі балықшы ел екенін хабарлады.

ДСҰ-ден жасалған мәлімдемеде АҚШ-тың артық қуат пен балық аулауға себеп болатын балық шаруашылығына субсидияларды азайту туралы келісімге қол қойғаны жарияланды.

Осылайша АҚШ аталмыш субсидияларды азайту үшін бекітілген осы келісімді ратификациялаған бірінші ел болды.

ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала болса Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың келісімді бекіткенін атап, басқа елдердің де осы бағытта шешім қабылдайтынын үміт еткенін атап көрсетті.

2022 жылғы маусым айында жасалған 12-ші Министрлер конференциясында ұйымның 164 мүшесі, «шамадан тыс балық аулауға себеп болатын 20 жылдан астам келіссөздер жүргізіп келе жатқан балықшыларға субсидияларды азайту туралы келісімге келді.

Бірақ оның күшіне енуі үшін мүшелердің үштен екісі келісімге қол қоюы керек болса, оған әзірге бірнеше шағын ел ғана қол қойды.

Қытай, ЕО, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапониядан бастап балық шаруашылығы бойынша жаһандық субсидиялар 35,4 миллиард долларды құрайды.



Ұқсас жаңалықтар