Филиппин-АҚШ бірлескен әскери жаттығуы басталды

«Балитакан» (иық тірестіру) деп аталатын жаттығуға 18 000 сарбаз қатысады.

1972883
Филиппин-АҚШ бірлескен әскери жаттығуы басталды

АҚШ мен Филиппиндер Тайвань төңірегінде Қытайдың ауқымды жаттығуларын аяқтағаннан бір күн өткен соң бірлескен ең ауқымды әскери жаттығуын бастады.

Шамамен 18 000 сарбаз қатысқан «Балитакан» (иық тірестіру) жаттығуы басталды.

Жаттығу барысында нақты оқ-дәрілер қолданылатыны хабарланды.

Аталмыш әскери жаттығу Қытайдың Тайваньды қоршауын модельдейтін 3 күндік жаттығулар аяқталғаннан кейін басталды.

«Балитакан» Тайваньдан 300 шақырымдай жерде орналасқан арал аймағына әскери тікұшақтардың қонуын да қамтиды.

Жаттығу алғаш рет Филиппин президенті Фердинанд Маркостың бақылауында өткізіліп отыр.



Ұқсас жаңалықтар