АҚШ барлаушылары таратылған құжаттың соңында

Лауазымдылар Украина соғысы, Қытай, Таяу Шығыс және Африка туралы мәліметтерді американдық жариялаған болуы мүмкін екенін  болжауда.

1972386
АҚШ барлаушылары таратылған құжаттың соңында

Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінен Израильдің Моссад барлау ұйымына дейінгі аса құпия ақпараты бар құжаттар интернетке түскеннен кейін америкалық лауазымдылар  ақпараттың таралу көзін іздестіре бастады.

Лауазымдылар Украина соғысы, Қытай, Таяу Шығыс және Африка туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардағы тақырыптардың көлемі оны американдық жариялаған болуы мүмкін екенін  болжауда.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Майкл Мюррой: «Құжаттардың көпшілігі тек АҚШ-тың қолында ғана болғандықтан, мұның АҚШ-тан туындаған  жариялау мүмкіндігіне назар аударылуда» деді.

АҚШ лауазымдылары тергеу әлі бастапқы сатыда екенін және тергеушілер ақпараттың жасырын таралуында Ресейді қолдайтын элементтердің болуы мүмкіндігін жоққа шығармайтынын білдірді.

2013 жылы "WikiLeaks" интернет парақшасында 700 мыңнан астам құжат, бейне көрініс және дипломатиялық жеделхат жарияланғаннан бергі ақпараттың жасырын таралуы ең үлкен қауіпсіздік кемшілігі екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар