Германияда мемлекеттік ұйымдарға кибер шабуыл жасалды

Германияда хакерлер жасаған шабуылдар салдарынан Шлезвиг-Хоштейн штатының ресми сайтына уақытша қол жеткізу мүмкін болмағаны білдірілді.

1971151
Германияда мемлекеттік ұйымдарға кибер шабуыл жасалды

Германияда көптеген штаттардағы мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына кибер шабуыл жасалды.

Германияның бірінші телеарнасы "ARD" арнасының хабарында хакерлер жасаған шабуылдар салдарынан Шлезвиг-Хоштейн штатының ресми сайтына уақытша қол жеткізу мүмкін болмағаны білдірілді.

Хабарда Бранденбург штатындағы полиция күштерінің веб-сайтында ақаулар болғаны, штаттың Ішкі істер министрлігі мен Тюрингиядағы полиция күштерінің веб-сайттарына хакерлер шабуыл жасағаны хабарланды.

Сондай-ақ Берлиндегі шабуылдарға байланысты штат әкімшілігінің веб-сайттарына кірудің ұзаққа созылғаны және Саар штаты үкіметінің ресми парақшасына біраз уақыт қол жеткізу мүмкін болмағаны бөлісілді.

Хабарда осының алдында Мекленбург-Вопоммерн, Төменгі Саксония және Саксония-Анхальт штаттарында министрліктер мен полицияның сайттарына кибер шабуылдар жасалғаны хабарланды.

Төменгі Саксония штаты Әділет министрлігі жасаған мәлімдемеде интернетке ел сыртынан араласудың жалғасқаны және кибер шабуылдарға байланысты тергеу басталғаны атап көрсетілді.

 



Ұқсас жаңалықтар