Германия Ресейді мина көмуді тоқтатуға шақырды

Анналена Бэербок «4 сәуір Халықаралық минадан хабардар болу күніне» байланысты мәлімдеме жасады.

1969633
Германия Ресейді мина көмуді тоқтатуға шақырды

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бэербок Ресейді Украина жеріне мина көмуді тоқтатуға шақырды.

Анналена Бэербок «4 сәуір Халықаралық минадан хабардар болу күніне» байланысты жасаған жазбаша мәлімдемесінде жерге көмілген миналардың қорқынышты қару екенін айтты.

"Сонымен қатар мен Ресейді Украинадағы ауылшаруашылық алқаптарына ірі көлемде мина көмуді тоқтатуға шақырамын. Бұл көптеген бейбіт тұрғынның өліміне себеп болып қана қоймай, диқандардың егістік алқаптарын өңдеп, егін жинауына кедергі келтіреді" деді Анналена Бэербок.

Германия Сыртқы істер министрі Ресейдің осы әрекеттерімен әлемдік нарықтағы азық-түлік көлемін қысқартқанын, сондықтан әлемде аштықты одан әрі арттырғанын алға тартты.

Анналена Бэербок Босния және Герцеговина, Камбоджа және Ирак сияқты елдердегі ата-аналардың қақтығыстан ондаған жылдар өтсе де, балалары далаға ойынға шыққан сайын алаңдауының себебі жерге көмілген миналар екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар