500-ден астам бала қайтыс болды

ЮНИСЕФ Атқару комитеті басшысы Кэтрин Рассел әлеуметтік желіде хабарлама жариялады.

1969629
500-ден астам бала қайтыс болды

Ресей-Украина соғысында қазірге дейін 500-ден астам бала қайтыс болды.

БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ Атқару комитеті басшысы Кэтрин Рассел әлеуметтік желіде хабарлама жариялады.

«Украиналық балалар мен отбасылар үшін трагедия. Соғыс басталған 2022 жылдың ақпанынан беру кемінде 501 бала өлтірілді» деді ол.

Шын мағынада өлі санының ЮНИСЕФ тарапынан расталған көрсеткіштен де жоғары болуы мүмкін екенін айтқан Рассел соғыста кемінде 1000 баланың да жарақат алғанын білдірді.

Рассел «Әрбір көрсеткіштің артында ыдыраған және мәңгі өзгерген отбасы құрылымы бар. Бұл жүректі ауыртады. Балалар мен отбасыларға тыныштық керек. Бұл тыныштық қысқа уақытта келмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар