Сиси мен Салман Джидда қаласында бас қосты

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі "SPA"-ға қарағанда басшылар екіжақты мәселелерді талқылады.

1968865
Сиси мен Салман Джидда қаласында бас қосты

Мысыр мемлекет басшысы Абдел Фаттах эс-Сиси Сауд Арабиясының Джидда қаласында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманмен бас қосты.

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі "SPA"-ның хабарына қарағанда Джидда қаласында кездескен ибн-Салман мен эс-Сиси өзара ынтымақтастықты нығайту және әртүрлі салаларда мұны жетілдіруді талқылады.

Кездесу барысында аймақтық және халықаралық оқиғалар, осы оқиғаларға қатысты басылатын қадамдар және маңызды мәселелер қаралды.

Кездесуге Сауд Арабиясы Ұлттық қауіпсіздік хатшысының орынбасары Мусаид ибн-Мұхаммед әл-Айбан және Мемлекеттік министр Исам ибн-Саад ибн-Саидке қоса Мысыр барлау басқармасы төрағасы Аббас Камил қатысты.

«SPA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша Джиддадағы екіжақты кездесуден кейін Мысыр мемлекет басшысы Абдел Фаттах эс-Сиси еліне оралды.



Ұқсас жаңалықтар