Санкт-Петербург қаласында жарылыс болды

Санкт-Петербург қаласындағы жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.

1968710
Санкт-Петербург қаласында жарылыс болды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы бір  дәмханада жарылыс болды. Жарылыс кесірінен бір адам қаза тапты.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Санкт-Петербургте бір дәмханада жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.

Оқиға орнын тексеріп жатқан полиция қызметкерлері жарылыс жарылғыш жабдығымен жасалғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Жарылыстан қаза тапқан адамның «Владлен Татарский» лақап атымен танымал ресейлік блогер Максим Фомин екені айтылды.

Фомин Ресей армиясының Украинадағы әрекеттерін қолдайтын суреттер жасаумен танымал.



Ұқсас жаңалықтар