Папаның жағдайы жақсарып келеді

Папаның жағдайына байланысты Ватикан тарапынан жаңа мәлімдеме жасалды.

1967593
Папаның жағдайы жақсарып келеді

 Католик шіркеуінің әкімшілік орталығы Ватикан кеше ауруханаға жатқызылған католиктердің рухани жетекшісі Рим Папасы Францисктің жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады.

Италияның астанасы Римдегі Гемелли ауруханасына кеше ентігу шағымымен жеткізілген 86 жастағы Папаның жағдайына байланысты Ватикан тарапынан жаңа мәлімдеме жасалды.

Ватикан баспасөз хатшысы Маттео Бруни жазбаша мәлімдемесінде "Рим Папасы Франциск түнде жақсы демалды. Клиникалық көрініс бірте-бірте жақсарып, жоспарланған ем жалғасуда. Ол бүгін таңертең таңғы асын ішіп, газеттерді оқып, жұмысқа кірісті. Папа аурухана капелласында дұға етті» деді.

Итальяндық ANSA агенттігінің ауруханадағы дереккөздерге сүйене отырып хабарлауынша, Рим Папасының инфекциясына бір вирус себеп болған.

Италия президенті Серджо Маттарелла, Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден, Аргентина президенті Альберто Фернандес сияқты кейбір көшбасшылардың Рим Папасына аманшылық тілегені білдірілді.

Түркияның Ватикандағы елшілігі де «Twitter» парақшасында «Папа Францисктің тезірек сауығып кетуін тілейміз» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар