Мексикадағы өртте 39 адам қаза тапты

Мексиканың АҚШ шекарасына жақын орналасқан иммиграциялық орталығында өрт шығып, 39 адам қаза тапты.

1966558
Мексикадағы өртте 39 адам қаза тапты

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор баспасөз мәслихатында Техас штатының шекарасына жақын орналасқан Сьюдад-Хуарес қаласындағы Мексика Ұлттық көші-қон институтында өрт шыққанын мәлімдеді.

Обрадор өртке депортацияны күтіп тұрған босқындардың себеп болғанын алға тартты.

Обрадор «Наразылық ретінде олар бункердің есігіне матрацтар қойып, оны өртеп жіберді. Олар бұл қорқынышты оқиғаға себеп болады деп ойламады. Біздің ойымызша, олар депортацияланатынын білгендіктен солай жасады» деген сөздер қолданды.

Ұлттық көші-қон институтынан жасалған жазбаша мәлімдемеде кеше түн ортасында басталған өртте 39 адамның қаза тапқаны, 29 адамның жараланғаны білдірілді.

Мәлімдемеде 4 ауруханада ем қабылдаған жаралылардың жағдайының ауыр екені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар