Солтүстік Кореяда баллистикалық зымыран сынағы

Оңтүстік Корея аймақтағы әуе мен теңіз күштеріне зақым келмегенін мәлімдеді.

1965474
Солтүстік Кореяда баллистикалық зымыран сынағы

Оңтүстік Корея мен Жапония Солтүстік Кореяның Жапон теңізі (Шығыс теңізі) бағытына қарай екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгенін хабарлады.

Оңтүстік Корея Бас штаб басқармасы сынақтардың «North Hwanghae» аймағынан жергілікті уақыт бойынша 07:47 және 08:00-де жасалғанын хабарлады.

Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандар аспанда 370 шақырым қашықтыққа ұшып, жапон су айдыны аймағынан тыс аумаққа құлады.

Аймақта әуе мен теңіз күштеріне зақым келмегені білдірілді.

Сынақтардың Оңтүстік Корея мен АҚШ армияларының 3 сәуір күніне дейін жалғасатын әскери оқу-жаттығулар кезінде жасалуы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар