Ирактың 3 қаласында демалыс жарияланды

Кейбір қалаларда нөсер жауын салдарынан ауылшаруашылық жерлері бүлінген.

1965425
Ирактың 3 қаласында демалыс жарияланды

Иракта толассыз жауған жауын су тасқынына себеп болса, 3 қалада ресми демалыс күні жарияланды.

Қуаңшылықтан зардап шеккен елдердің бірі Иракта кеше ел көлемінде болған нөсер жауын су тасқынына себеп болды.

Кейбір қалаларда нөсер жауын салдарынан егістіктер бүлінген.

Лауазымдылар әсіресе елдің оңтүстігінде жауған бұршақтың 30 гектардан астам ауылшаруашылық алқабына зиянын тигізіп, шамамен 1,5 миллион долларлық шығынға ұшырағанын мәлімдеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Анбар, Зикар және Дивание қалаларында ресми демалыс күні жарияланса, демалыс күні шешімнің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданғаны жарияланды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің ресми демалыс күні шешімінен тыс қалдырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар