Иракта сайлау жаңа заңы бекітілді

Ирак Мәжілісінде дау тудырған жаңа сайлау заңы қабылданып, күшіне енді.

1965360
Иракта сайлау жаңа заңы бекітілді

 

Ирак Мәжілісінде дау тудырған жаңа сайлау заңы қабылданып, күшіне енді. жасаған жазбаша мәлімдемеде өткен отырыста жаңа сайлау заңының қабылданғаны хабарланды.

Ирактағы үкіметтің ортағы шиіт, сүннит және күрд партиялары дайындаған жаңа сайлау заңы «көптік сайлау аймағы» жүйесінен «жабық тізім және бір сайлау аймағы» жүйесіне қайта оралуды қамтиды.

Кейбір шағын саяси партиялар мен тәуелсіз депутаттар биліктегі партияларға пайдалы болады деген себепті бұл заңдық реттеуге наразылық білдірді.

Саясаттан кеткен шиіттердің діни және саяси басшысы Муктеда эс-Садр мен шиіттердің ең жоғары мәртебе иесі Аятолла Али Эс-Систанидің сайлау заңы бойынша бұрынғы әдіске қайта оралуға қарсы екені белгілі.

Ирактағы «көптік сайлау аймағы» жүйесі алғаш рет 2021 жылы 10 қазан күні өткен сайлауда қабылданған еді.

Бұл жүйемен әсіресе Иран қолдаған шиіттер құраған партиялардың дауысын азайтып, Ирактың бас қаласы мен оңтүстік қалаларында аталмыш заңға қарсы наразылық шерулері өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар