Камерундағы шабуылда 6 бейбіт тұрғын қаза тапты

«Боко Харам» террор ұйымы Камерунның Қиыр Солтүстік аймағына шабуыл жасады.

1962319
Камерундағы шабуылда 6 бейбіт тұрғын қаза тапты

Камерунның Қиыр Солтүстік аймағында «Боко Харам» террор ұйымы жасаған шабуылда 6 бейбіт тұрғын қаза тапты.

БАҚ-тың хабарлауынша «Боко Харам» мүшелері Қиыр Солтүстік аймақтағы Джибрилли қаласына шабуыл жасады.

Көптеген адам жараланған шабуылда 6 адам қаза тапты.

Нигерияда 2000 жылдары басынан бері «Боко Харам» ұйымдастырған жаппай зорлық-зомбылық әрекеттері салдарынан 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

Ұйым 2015 жылдан бері елдің шекара көршілері Камерун, Чад және Нигерде шабуылдарын жалғастыруда.

Халықаралық дағдарысты басқару тобының мәліметіне қарағанда, 2014 жылдан бері «Боко Харам» шабуылдары Қиыр Солтүстік аймағында 3000-ға жуық адамның өмірін қиып, 250 000-ға жуық адамды босатты.



Ұқсас жаңалықтар