Ирак пен Иран арасында қауіпсіздік келісімі

Ирак пен Иран шекара қауіпсіздігін қамтитын қауіпсіздік келісіміне қол қойды.

1961876
Ирак пен Иран арасында қауіпсіздік келісімі

Ирак премьер-министрлік баспасөз қызметінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда премьер-министр Мұхаммед Шиа әл-Судани бас қала Бағдадта Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Али Шамханимен бас қосты.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас пен аймақтық мәселелер талқыланған кездесуде Судани Ирактың ешбір көрші еліне қарсы «шабуыл аймағы» болуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Судан-Шамхани кездесуінде Қытайдың арағайындығымен Иран мен Сауд Арабиясы арасында қол қойылған келісім де сөз болғанымен, тақырыпқа қатысты толық мәлімет берілмеді.

Кездесу аясында Иранмен шекараны бірлесіп қорғау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар