Ираннан жаңа зымыран

Иранның Бас штабының басшысы елінің қозғалыстағы теңіз көліктерін жоя алатын баллистикалық зымыран шығарғанын айтты.

1955955
Ираннан жаңа зымыран

Иран қозғалыстағы теңіз көліктерін жоя алатын, дыбыс жылдамдығынан 8 есе жылдам жүретін «гиперсоникалық баллистикалық зымыран» шығарғанын жариялады.

Иранның жартылай ресми «Fars News» агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бакири ел астанасы Тегеранда өткен шарада сөйлеген сөзінде елінің қозғалыстағы теңіз көліктерін жоя алатын баллистикалық зымыран шығарғанын айтты.

Бакири зымыран сынақтарының сәтті аяқталып, жаппай өндірісінің басталғанын атап көрсетті. «Иран осындай зымыранды шығару арқылы осы зымырандарға ие үш елдің бірі болды» деді ол.

Аталмыш  баллистикалық зымыранның жылдамдығының 8 мах (дыбыс жылдамдығынан 8 есе) және қашықтығының 1500 километр екенін айтқан Бакири мұндай зымыранның айналасындағы теңіздерде радиусы 1000 шақырым болатын қауіпсіздік аймағын қалыптастыратынын білдірді.

Бакири зымыранның қашан және қай жерде сынақтан өткені туралы мәлімет бермеді.



Ұқсас жаңалықтар