Индонезиядағы топырақ көшкінінде 11 адам қаза тапты

Лауазымдылар топырақ көшкінінде ауылдағы үйлердің топырақ үйіндісінің астында қалғанын жариялады.

1955819
Индонезиядағы топырақ көшкінінде 11 адам қаза тапты

Индонезияның Натуна аймағында орын алған топырақ көшкінінен 11 адам қаза тапты, ондаған адамнан хабар жоқ.

Табиғи апаттармен күрес ұлттық агенттігінің қызметкерлері нөсер жауын салдарынан Натунаның Серасан ауылында топырақ көшкін болғанын хабарлады.

Билік апатта ауылдағы үйлердің топырақ үйіндісінің астында қалғанын жариялады.

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында 11 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген билік қаза болғандар санының артуына алаңдаушылық білдірді.

Ондаған полиция, әскер және ерікті қатысқан іздеу-құтқару жұмыстарының коммуникациялық желідегі мәселелер мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғасқаны білдірілді.

Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің баспасөз хатшысы Абдул Мухари көшкіннен зардап шеккен кейбір аймақтарға іздеу-құтқару топтарының әлі жете алмағанын мәлімдеді.

Мухари 50-ге жуық адамның жоғалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар