Эфиопия құрғақшылықта қалғандарға көмек сұрады

Эфиопияның Апат қаупін басқару комиссиясы құрғақшылықтан зардап шеккен 2 миллион адамға гуманитарлық көмек жеткізу үшін шұғыл дабыл қағуға шақырды.

1955667
Эфиопия құрғақшылықта қалғандарға көмек сұрады

Эфиопия елдің оңтүстік аймағындағы құрғақшылықтан зардап шеккен 2 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.

Эфиопияның Апат қаупін басқару комиссиясы үкімет пен азаматтық ұйымдарды құрғақшылықтан зардап шеккен 2 миллион адамға гуманитарлық көмек жеткізу үшін шұғыл дабыл қағуға шақыру тастады.

Ауыл шаруашылығы бюросының басшысы Усман Сурур елдің оңтүстігіндегі қатты қуаңшылық жауын-шашынның аздығынан болғанын мәлімдеді.

342 мың гектар ауыл шаруашылық алқабының жауын-шашынның аздығы себепті шөлге айналғанына назар аударған Сурур құрғақшылық мәселесімен тез арада күресу керектігін баса айтты.

Үкімет пен азаматтық ұйымдарға шақыру тастаған Сурур 2 миллион адамға шұғыл көмек сұрады.



Ұқсас жаңалықтар