Еуроодақ Шерияның батысындағы оқиғаларға алаңдауда

Еуроодақ жоғары өкілі Жозеп Боррелл мәлімдеме жасады.

1952794
Еуроодақ Шерияның батысындағы оқиғаларға алаңдауда

Еуроодақ (ЕО) Израиль басқыншылығындағы Шерияның батысында күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылыққа үлкен алаңдаушылық білдірді.

Еуроодақтың Сыртқы істер және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл жасаған мәлімдемеде «Еуроодақ Израиль басқыншылығындағы Палестина аумағындағы күннен-күнге күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылыққа қатты алаңдайды» деді.

Мәлімдемеде 26 ақпан күні Шерияның батысында екі израильдіктің қаза тапқан террор шабуылын және 27 ақпан күні тағы бір израильдіктің қаза тапқан шабуылдың айыпталғаны аталып «ЕО бір палестиналықтың өліміне, жүздеген адамның жаралануына, үйлер мен дүкендердің өртенуіне, палестиналықтардың мүлкінің қабылданбайтындай қирауымен нәтижеленген қоныстанушы зорлық-зомбылығының басталуын айыптайды» деді.

26 ақпанға қараған түні Израиль мен Палестина билігімен байланысып, зорлық-зомбылық пен лаңкестіктің тоқтатылуы, барлық бейбіт тұрғындардың қорғалуы және шиеленісті азайту үшін шұғыл шаралардың қабылдануы керектігі туралы ақпарат берген мәлімдемемсінде Боррелл «Барлық тараптар осы өлімге әкелетін зорлық-зомбылық циклін тоқтату, одан көп адам шығынын болдырмау, жауапкершілікті қамтамасыз ету және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл шаралар қабылдау керек» деді.

Екінші жағынан ЕО-тың Иорданияның Акабе қаласында жақындаған Рамазан айы алдында Израиль мен Палестина арасында әсірее соңғы 2 айда ушығып кеткен шиеленісті азайту үшін ұйымдастырылған қауіпсіздік жиналысының құпталғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Еуроодақ Иордания, Мысыр және Америка Құрама Штаттарының келіссөздерді жеңілдетудегі рөлін жоғары бағалайды және екі тарапты өз міндеттемелерін орындауға шақырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар