Акабе қаласында қауіпсіздік саммиті өтті

Израиль елемеген Акабе жиналысына АҚШ-тан қолдау келді.

1952472
Акабе қаласында қауіпсіздік саммиті өтті

Палестина Азаттық майданы қозғалысы Атқарушы комитеті Бас хатшысы Хасан әш-Шейх Акабе жиналысының Израиль және Палестина арасында бейбітшілікті орнату үшін неғұрлым ауқымды бір саяси кезеңнің бастауының маңыздылығын ортаға қойғанын мәлімдеді.

Палестина мен Израиль арасында соңғы 2 айда күшейген шиеленісті азайту мақсатында 26 ақпан күні Иорданияның Акабе қаласында қауіпсіздік саммиті өтті.

Жиналысқа Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Мысыр және иорданиялық ресми өкілдер де қатысты.

Палестиналық ұйымның Атқарушы комитетінің бас хатшысы Хасан әл-Шейх кездесуге қатысты мәлімдеме жасап, «Акабедегі кездесу бұдан да кең ауқымды бітімгершілік процесінің қажеттігін көрсетті» деді.

Саммиттің қорытынды хаттамасында «Палестина әкімшілігі мен Израиль үкіметі біржақты әрекеттерді 3-6 айға дейін тоқтатуға дайын екендігін растады» делінді.

Бұған Израиль үкіметінің 4 ай бойынша жаңа тұрғын аймағы құрылысын талқыға салмауы және 6 ай бойынша заңсыз қоныстарға рұқсат бермеуін қамтығаны атап көрсетілді.

Алайда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кездесудің артынан басып алынған Шерияның батысындағы заңсыз еврей қалашықтарының құрылысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Израильдің әсіре радикал оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир «Иорданияда болған, Иорданияда қалады» деді.

Израиль Қаржы министрі Безалел Смотрих болса Твиттердегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «еврей тұрғын аймақтарының құрылысы бір күнге де тоқтамайтынын» атап көрсеткен болатын.

Израиль елемеген Акабе жиналысына АҚШ-тан қолдау келді.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық байланыс координаторы Джон Кирби «Кездесу тараптар арасындағы шиеленісті азайтудың маңызды бастамасы болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар