Песков ЕО санкция тізіміне баға берді
Ол Ресейге қарсы жаңа санкцияларының «абсурд» екенін айтты.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Еуропалық Одақтың (ЕО) Ресейге қарсы жаңа санкцияларының «абсурд» екенін айтты.
Песков ел астанасы Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде ЕО-ның Ресейге қарсы салған 10-шы санкция пакетіне баға берді. Санкция тізіміне тұтқын алмасуға қатысқан Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькованың да енгізілгенін атап өткен Песков "Әрине мұның бәрі – абсурд. Олар санкциялар тізімін жасау үшін санкция мәселесіне қатысы жоқ адамдарды қосып отыр. Екінші жағынан, тізімде табысты адамдар да бар. Бұл адамдардың санкциялар тізіміне енгізілуі оларды алаңдатпайды. Батыстың санкция салатын адамдар саны жеткіліксіз-ау деймін» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Испанияның палестиналықтарға қызметіне рұқсат етпейді
Израиль Сыртқы істер министрі Йизраэль Катц мәлімдеме жасады.