Қытайда шахта апаты

Қытайдың Сычуань провинциясында шахтаның опырылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты.

1952137
Қытайда шахта апаты

Жергілікті Төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдемесіне қарағанда төбесі опырылған шахтада 25 жұмысшы жер астында қалды. 

Жұмысшылардың 5-і қаза тауып, 3-і ауыр жарақат алды, қалғандар тірі құтылды. 

Ішкі Моңғолия Автономиялық аймағында да 22 ақпан күні ашық көмір шахтасында апат болды. 6 кенші қаза тапқан оқиғада 47 кеншіден әлі хабар жоқ екені білдірілді. 

БАҚ-та орын алған хабарда өткен жылы Алша Сол Санжактағы ашық кен шахтасында өткен жылы жасалған тексеруде кен шұңқырларына кіретін және шығатын бағыттарының сенімді болмауы, сезімтал материалдарды сақтаудағы ақауларға және қауіпсіздікке жауапты қызметкердің жеткіліксіз дайындығына байланысты қожайын кампанияға өтемақы төлеткізгені атап көрсетілді. 

Цинхай қаласында болса 2021 жылдың қыркүйек айында апатқа ұшыраған көмір шахтасында қалып қойған 19 жұмысшы қаза тапқан, Шанси провинциясында болса 2021 жылдың желтоқсан айында заңсыз жұмыс істейтін көмір шахтасын су басып, 2 жұмысшы қаза тапқан еді. 

2022 жылы 25 ақпан күні де Гуйкоу уәлаятында опырылған шахтада қалып қойған 14 жұмысшы қаза тапты. 

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы алтын кенішінде 25-ші желтоқсан күні болған апатта 40 жұмысшының 22-сі дүниеге көз жұмған болатын.



Ұқсас жаңалықтар