Еуроодақ Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Еуроодаққа тиесілі ұшақтар Дамаскіге гуманитарлық көмек жеткізді.

1952266
Еуроодақ Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Еуроодақ (ЕО) 6 ақпан күні Кахраманмараш орталықта болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге жіберген гуманитарлық көмек Сирияға жеткізілді.

Еурокомиссия Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін сириялықтарға жіберілген гуманитарлық көмекті тасымалдаған екі ұшақтың кеше бас қала Дамаскіге қонғанын мәлімдеді.

Сирияға жеткізілген гуманитарлық көмектер арасында қысқы жағдайға қолайлы шатырлар, баспанаға пайдаланылған материалдар және жылытқыштар бар екені айтылды.

Көмек материалдардың Италияның Бриндизи қаласында және Дубайдағы ЕО қоймаларынан қамтамасыз етілгені, Сирияда режим бақылауында болған және болмаған аймақтардағы жәрдемге мұқтаж сириялықтарға таратылатыны хабарланған мәлімдемеде Еуроодақтың Сирияға жіберілген гуманитарлық көмектің 420 тоннаны құрағаны білдірілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде Башар Асад режимінің Сириядағы Еуроодақ азаматтық қорғаныс механизмін іске қосу сұранысының артынан еуропалық 15 елдің сириялықтарға шатыр, төсек, көрпе, жылытқыш, гигиеналық материал, генератор, азық-түлік, медициналық құралдар сияқты қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұсыныс жасағаны атап көрсетілді.

Көмектің Сирияның солтүстік батысында режимнің бақылауындағы немесе бақылауындағы мұқтаждарға жеткізілетіні хабарланды.

Бейруттегі ЕО тобы Сирияға бағыттаған гуманитарлық көмек Еуроодақ  сарапшыларының Сириядағы серіктес ұйымдарымен таратылмақ.

Лауазымдылар осы уақытқа дейін 10 миллион еуролық қаржы бөлінгенін атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар