Буркина-Фасодағы шабуылда 51 сарбаз қаза тапты

Буркина-Фасода армияға қарсы жасалған лаңкестік шабуылда 51 сарбаз қаза тапты.

1949357
Буркина-Фасодағы шабуылда 51 сарбаз қаза тапты

Буркина-Фасо армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Сахел аймағындағы Оудалан ауданында орналасқан әскерлерге жасалған террорлық шабуылда 51 сарбаз қаза тапты.

Әскерлер мен террористтер арасындағы қақтығыста 60 террорист залалсыздандырылды.

Көрші Малидегі Әл-Каида және ДАИШ-пен байланысы бар лаңкестік топтар 2015 жылдан бері Буркина-Фасоның солтүстігі мен шығысында жиі шабуылдар жасап келеді.

Үкімет мәліметтері бойынша шабуылдарда 2015 жылдан 2021 жылдың желтоқсанына дейін 2000 адам қаза тапқан.



Ұқсас жаңалықтар