Қару-жарақ заңдарын реформалауға шақырды

Байден Мичиган штатындағы университетте 3 студент қаза тапқан қарулы шабуылға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

1946683
Қару-жарақ заңдарын реформалауға шақырды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден кеше түнде Мичиган мемлекеттік университетінде болған атыстан кейін Конгрессті қару туралы заңдарды реформалауға шақырды.

Байден Мичиган штатындағы университетте 3 студент қаза тапқан қарулы шабуылға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. Джо Байден бұл мәселеге байланысты Мичиган губернаторы Гретчен Уитмермен сөйлескенін және қажетті қолдау көрсету туралы нұсқау бергенін хабарлады.

АҚШ-тағы көптеген адамның қарулы шабуылға ұшырағанына назар аударған Байден бұл мәселемен күресу үшін қару-жарақ туралы заңға қатысты әрекет жасағандарын, бірақ одан да көп нәрсе істеу керек екенін атап өтті.

Байден Конгрестің осындай шабуылдардың алдын алу үшін шара қолдануы керектігін де айтып, заң шығарушыларға шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар