Сирияда адам шығыны артып отыр

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілі мәлімдеді.

1945578
Сирияда адам шығыны артып отыр

Сирияда жер сілкінісі салдарынан 8500 адамның қаза тапқаны және бұл санның артуы мүмкін екені хабарланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Шығыс Жерорта теңізі аймағының төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Ричард Бреннан Сирияда жер сілкінісі салдарынан шамамен 8500 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

«Нақты санды айту қиын, қаза тапқандар саны күннен-күнге артып келеді. Алайда бүгін біз білетін мәліметтер бойынша, Сирия үкіметінің бақылауындағы аймақтарда шамамен 4 мың адам қаза тауып, 2 мың 500 адам жараланды, ал Сирияның солтүстік-батысында шамамен 4 мың 500 адам қаза тапты. 7 мың 500 адам жарақат алды» деген Бреннан бұл көрсеткіштің артып отырғанын және жалғасатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар