Дүниежүзілік қоғамдық ұйымдар зардап шеккендерге қол ұшын беруде

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы жер сілкінісінен зардап шеккен жарты миллион адамға көмек қолын созуды мақсат еткенін жариялады.

1945011
Дүниежүзілік қоғамдық ұйымдар зардап шеккендерге қол ұшын беруде

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен жарты миллион адамға көмек қолын созуды мақсат еткенін жариялады.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, 6 ақпандағы апаттан кейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының азық-түлік жәрдемі 7 ақпаннан бері Сирияда және 8 ақпаннан бастап Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жеткізілді.

Екі елде де 500 мың адамға жетуді мақсат еткен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 8 ақпанда азық-түлікке мұқтаж шамамен 64 мың адамға жетті.

Осы тұрғыда зілзаладан зардап шеккендердің азық-түлікке деген төтенше қажеттіліктері азық-түлік пакеттерімен, отбасылық азық-түлік пакеттерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Түркияның оңтүстік-шығыс аймағындағы Уақытша баспана орталықтарына отбасылық азық-түлік пакеттерін беру үшін Көші-қон басқармасымен келісе отырып жұмысын жалғастыруда.

Бұл орталықтарды қазіргі уақытта 44 мың сириялық босқынғдармен бірге жер сілкінісі салдарынан қоныс аударған түрік азаматтары да паналап отыр.

Осы аяла Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Түрік Қызыл жарты ай қоғамы және лагерь басшылығымен тығыз үйлестіре отырып, Османиедегі Джевдетие лагерінде жер сілкінісінен зардап шеккен 17 мың адамға отбасылық азық-түлік пакеттерін таратуды бастады.



Ұқсас жаңалықтар