Зеленский Ұлыбританияға барды

Зеленскийді әуежайда Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак қарсы алды.

1943891
Зеленский Ұлыбританияға барды

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияға барды.

Украина президенті Зеленский мінген ұшақ Ұлыбритания астанасы Лондондағы Стэнстед әуежайына қонды.

Зеленскийді әуежайда Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак қарсы алды.

Сунак өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Ұлыбританияға қош келдіңіз, президент Зеленский» деп жазылған суретімен бөлісті.

Зеленский 24 ақпанда Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері Ұлыбританияға алғаш рет барды.

Украина көшбасшысы АҚШ-қа алғашқы шетел сапарын 2022 жылдың желтоқсанында жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар