Сириядағы жер сілкінісінде 1602 адам қаза тапты

Сирияның әртүрлі аймақтарында қаза тапқандар саны  1602-ге және жарақат алғандар саны 3 мың 649-ға жетті.

1943028
Сириядағы жер сілкінісінде 1602 адам қаза тапты

Эпицентрі Кахраманмараш болған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінде, Сирияның әртүрлі аймақтарында қаза тапқандар саны  1602-ге және жарақат алғандар саны 3 мың 649-ға жетті.

Жер сілкінісі Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия, Тартус және Ракка аймақтарында да қатты сезілді.

Асад режимінің ақпарат агенттігі «САНА»-ның хабарына қарағанда, Алеппо, Латакия, Хама және Тартус облыстарындағы режим бақылауындағы аймақтарда 812 адам қаза тауып, 1449 адам жарақат алды.

Сирияның солтүстігінде оппозиция бақылауындағы аймақтарда көптеген ғимараттар қираған немесе зақымдалған.

Сирияның «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймақтарында кемінде 790 адам қаза тапты, 2 мың 200-ден астам адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар