Сириядағы жер сілкінісінде 1356 адам қаза тапты

Іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

1942810
Сириядағы жер сілкінісінде 1356 адам қаза тапты

Эпицентрі Кахраманмараш болған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінде  Сирияның әртүрлі аймақтарында кем дегенде 1356 адам қаза тауып, 3419-дан астам адам жарақат алды.

Жер сілкінісі Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия, Тартус және Ракка аймақтарында да қатты сезілді.

Жер сілкінісі салдарынан бұл аймақтарда үлкен қирау орын алды.

Асад режимінің ақпарат агенттігі «САНА»-ның хабарына қарағанда, Алеппо, Латакия, Хама және Тартус облыстарындағы режим бақылауындағы аймақтарда 656 адам қаза тауып, 1419 адам жарақат алды.

Сирияның солтүстігінде оппозиция бақылауындағы аймақтарда көптеген ғимараттар қираған немесе зақымдалған.

Сирияның адам құқықтары жөніндегі желісі, Азаматтық қорғаныс, жергілікті билік, денсаулық сақтау ұйымдары және жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Сирияның «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймақтарында кемінде 700 адам қаза тапты, 2000-нан астам адам жарақат алды.

Іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар