Сириядағы жер сілкінісінде де адам шығыны артты

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

1942560
Сириядағы жер сілкінісінде де адам шығыны артты

Эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык ауданында болған 7,7 балдық жер сілкінісінде Сирияның әртүрлі аймақтарында кемінде 574 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.

Жер сілкінісі Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия, Тартус және Ракка провинцияларында қатты сезіліп, үлкен қирауға жол ашты.

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Алеппо, Хама және Латакия аймақтарында режим бақылауындағы аймақтарда 371 адам қаза тауып, 1089 адам жарақат алды.

Сирияның солтүстігінде оппозиция бақылауындағы аймақтарда ондаған ғимарат қирады.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар