Джонсон Путиннің зымыран шабуылымен қорқытқанын баяндады

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Борис Джонсон Владимир Путиннің өзін «зымыранмен шабуыл жасаймыз» деп қорқытқанын айтты.

1939670
Джонсон Путиннің зымыран шабуылымен қорқытқанын баяндады

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Борис Джонсон ақпан айында Ресей-Украина соғысы басталмай тұрып, Ресей президенті Владимир Путиннің өзін «зымыранмен шабуыл жасаймыз» деп қорқытқанын айтты.

«ВВС» тарапынан дайындалған деректі фильмде Путиннің басқа елдердің басшыларымен кездесулері қарастырылды.

Деректі фильмде Джонсон мен Путин арасындағы телефон әңгімелерінің егжей-тегжейлері қамтылды.

Джонсон ақпан айында Путинмен «өте ұзақ» кездесуде олардың Украинаға басып кіруі «үлкен бір апат» болатынын ескерткеннен кейін оны қорқытқанын айтты.

Украинаға басып кіруінің батыстың санкцияларына апарып соғатынын және НАТО-ның Ресей шекараларына тіпті көп әскер жіберетінін ескерткенін атап өткен Джонсон Украинаның жақын болашақта НАТО-ға қосылмайтынын түсіндіріп,  Путиннің әскери әрекетін тоқтатуға тырысқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар