Жапония Украинаның қарызын кейінге қалдырды

Шешімге сәйкес, қарыз 2027 жылдың маусымынан бастап 10 бөліп төленеді.

1934320
Жапония Украинаның қарызын кейінге қалдырды

Жапония Ресейдің 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарынан кейін экономикалық қиындықтарға тап болған Украинаның 7,8 миллиард иен (60 миллион доллар) қарызын кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко мен Жапонияның Украинадағы елшісі Мацуда Кунинори қарызды жеңілдету жөнінде пікір алмасты.

Жапон үкіметі экономикалық ауыртпалықты жеңілдету үшін Украинаның 7,8 миллиард иен қарызын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Шешімге сәйкес, қарыз 2027 жылдың маусымынан бастап 10 бөліп төленеді.

Үкімет Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыру үшін G7 елдерімен және халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастығын жалғастыратынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар