Киевте қаза тапқандар саны 18-ге жетті
Жараланған 29 адамның 15-і - балалар.
Украина астанасы Киев маңында тікұшақтың құлауы салдарынан 18 адам, оның ішінде Ішкі істер министрі Денис Монастирский мен оның көмекшісі қаза тапты.
Киев облысының губернаторы Алексей Кулеба оқиғада қаза тапқандар санының 18-ге жеткенін білдірді. Оның айтуынша жараланған 29 адамның 15-і - балалар.
Украина полициясының басшысы Игорь Клименко апатқа ұшыраған тікұшақта Монастирский мен оның орынбасары Евгений Йеннің қаза тапқанын атап өтті.
Украина баспасөзіндегі хабарда тікұшақтың балабақша маңында құлап, аймақта өрт шыққаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.