45 адам тоңып өлді

Нашақорларды жинау жұмысы басталды.

1933603
45 адам тоңып өлді

Ауғанстанның батысындағы Герат уәлатында қыс маусымы басталғалы көшеде өмір сүретін 45 нашақор тоңып өлді.

Герат полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімінің директоры Хаятулла Рухани  “Ауа райы салқындап басталғалы 45 нашақор көз жұмды. Нашақорларды жинау жұмыстарын бастадық” деді.

Әр түрлі уәлаяттардан Гератқа келіп,  көшеде жүретін есірткіге тәуелділердің бар екенін айтқан Рухани соңғы күндері шамамен 3500 нашақордың оңалту орталықтарына жіберілгенін атап өтті.

Герат уәлаятында шамамен 70 000 нашақор бар деп есептеледі, олардың көпшілігі көшеде тұрады.



Ұқсас жаңалықтар