Бейбітшілік саммиті ақпанда болуы мүмкін

Бұл туралы Украинаның Түркиядағы елшісі айтты.

1931828
Бейбітшілік саммиті ақпанда болуы мүмкін

Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутерриштің арағайындығымен өтуі мақсат етілген бейбітшілік саммитінің АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Елші Боднар 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдай және ақпан айында өткізілуі жоспарланған бейбітшілік саммитіне қатысты мәлімдеме жасады.

Украинадағы қақтығыстардың Донецк аймағындағы Бахмут және төңірегінде күшейгенін білдірген Боднар аталған аймақтардың кейбірінде қала іші қақтығыстардың да болғанын айтты.

Ресеймен жалғасып жатқан соғыстың Украина үшін «тіршілік, тәуелсіздік және егемендік үшін соғыс» екенін білдіретінін атап көрсеткен Боднар халықаралық құқық аясында өздерін қорғап жатқандарын айтты. Киев әкімшілігі жариялаған және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Гутерриштің араағайындығымен өтетін бейбітшілік саммитіне қатысты Боднар «Біз бұл саммит 24 ақпанда Нью-Йорктегі БҰҰ-да өтеді деп ойлаймыз» деді.

Украина елшісі бейбітшілікке үміт бар екеніне назар аударып, мұның Ресей күштерін Украина аумағынан толығымен шығару және Мәскеуге әскери әрекеттерінен бас тарту үшін әлемнің қысым көрсетуі арқылы мүмкін болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар