"Орыстың 63 сарбазы қаза тапты"

«HIMARS» көп зымыранды жүйесінен атылған 6 зымыранның екеуін Ресей әуе күштері қорғаныс жүйелері жойған.

1926948
"Орыстың 63 сарбазы қаза тапты"

Ресей Қорғаныс министрлігі Украина армиясының зымырандық шабуылдары нәтижесінде Макеевка маңында 63 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков 24 ақпаннан бері жалғасып жатқан Украинадағы соғыстағы Ресей армиясының әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Украина армиясының Донецк облысындағы Макеевка елді мекені маңындағы Ресей Қарулы күштерінің уақытша позицияларының біріне шабуыл жасағанын атап көрсеткен Конашенков Америкада жасалған «HIMARS» көп зымыранды жүйесінен атылған 6 зымыранның 2-еуін Ресей әуе күштері қорғаныс жүйелерінің жойғанын мәлімдеді.

«Өте жойқын 4 зымыранның жарылуы нәтижесінде уақытша бекіністің бір бөлігінде 63 ресейлік сарбаз қаза тапты» деді ол.

Ресей әскери бөлімдерінің Украинадағы операцияларын жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков Ресей әуе күштерінің жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен жасаған шабуылдары нәтижесінде Марково мен Краматорскіде, Донецк облысы мен Харьков облысындағы Новоосиново елді мекенінде Украина армиясына қызмет ететін 70-тен астам шетелдік жалдамалы жауынгердің қаза тапқанын айтты. Оның айтуынша, жүзден  астам адам жарақат алған.

Украина Қарулы Күштері Стратегиялық байланыс басқармасынан жасалған мәлімдемеде Макеевка қаласында Ресей армиясының бақылауындағы казарма ретінде пайдаланылған орталыққа жасалған шабуыл нәтижесінде 400-ге жуық орыс әскерінің қаза тапқаны алға тартылған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар