Питбуль Украинаға қайтарылды

Иттің суретін жариялаған Ермак «Азовстальдің атақты итін де әкеліп жатырмыз» деді.

1926727
Питбуль Украинаға қайтарылды

31 желтоқсанда Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу кезінде Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытынан ресейлік сарбаздар алып кеткен питбуль итінің де Украина жағына қайтарылғаны хабарланды.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак өзінің «Telegram-дағы» жазбасында 31 желтоқсанда ресейлік тараппен тұтқын алмасу аясында «атақты» питбуль итінің Украинаға қайтарылғанын хабарлады.

Иттің суретін жариялаған Ермак «Азовстальдің атақты итін де әкеліп жатырмыз» деді.

Соғыстың алғашқы кезеңінде ресейлік сарбаздар Азовстальдан алып кеткен ит Ресей Федерациясы Шешен Республикасының президенті Рамазан Қадыровқа берілген еді.

Тұтқын алмастыру аясында 140 украиналық және 82 ресейлік сарбаз босатылды.

Екінші жағынан Украинаның уақытша басып алынған жерлерін қайта интеграциялау министрлігі Ресеймен тұтқын алмасу шеңберінде 2022 жылы 1596 украиндықтың босатылғанын хабарлады.

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде "2022 жылы жау тұтқынынан 1596 адам қайтарылды. 1464 әскер мен 132 бейбіт тұрғын Ресей тұтқынынан босатылды" деп айтылды.

Тұтқыннан  босаған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар