Украиналық жаралылар Еуропаға жіберіледі

Польша Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады.

1925291
Украиналық жаралылар Еуропаға жіберіледі

Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері Украинадан келген жаралылар мен науқастарды қабылдаған Польша бұдан былай емдеу қызметінде Еуропаның басқа елдерінен көмек алатынын жариялады.

Польша Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Войцех Андрусевич елдің ресми ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Украинадан келген жаралы сарбаздар мен науқас азаматтардың бұдан былай Еуропаның басқа елдеріне жіберілетінін, 14 адамнан тұратын алғашқы топтың Норвегияға жолданғанын айтты.

Пациенттердің кейбірінің Польша ауруханаларына орналастырылатынын айтқан Андрусевич «Польша Украинадағы қарулы белсенділіктің күшеюіне және ондағы ауруханаларда энергияның жетіспеушілігіне байланысты украиналық науқастарды Еуропаның басқа елдеріне тасымалдауды жүзеге асыруға дайындалуда” деді.

Андрусевич Польшада емделгеннен кейін майданға қайтып кеткен украиналық сарбаздардың да көп екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар