Украинада 6 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

Оның 429-ының балалар екені жарияланды.

1924709
Украинада 6 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

Украинада 24 ақпанда басталған соғыста 26 желтоқсанға дейін барлығы 6884 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны, оның 429-ының балалар екені жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссариатының есебінде 10 айдан бері жалғасып келе жатқан Украина-Ресей соғысында қаза тапқандар мен жаралы азаматтар саны жарияланды.

Есеп бойынша соғыста барлығы 6884 адам қаза тапқан, оның 2719-ы ерлер, 1832-сі әйелдер, 429-ы балалар, 1904-і жынысы анықталмаған ересектер.

Украинадағы соғыста жараланғандар саны 10 мың 947 деп жарияланса, оның 2364-і ерлер, 1709-ы әйелдер, 800-і балалар, 6074-і жынысын анықтау мүмкін емес ересектер.



Ұқсас жаңалықтар