Елі үшін өзенге секірді

Әлеуметтік желіде Морадинің «Бұл менің – өзімді өлтіру видеом» деп басталатын көрінісі жарияланды.

1924550
Елі үшін өзенге секірді

Иранда бір қыз қамауға алынғаннан кейін қайтыс болып, артынан басталған наразылық акциялары жалғасып жатыр. Францияда бір Иран азаматы Мұхаммед Моради еліндегі оқиғаларға назар аудару мақсатымен Лион қаласындағы Рона өзеніне секіріп, өзін өзін өлтірді.

Әлеуметтік желіде Морадинің «Бұл менің – өзімді өлтіру видеом» деп басталатын көрінісі жарияланды. Ол өзін өзі өлтірудегі мақсатының «Еуропа елдері мен халықтарының назарын Ирандағы оқиғаларға аудару» екенін айтып кеткен. «Сіз осы видеоны қарағанда,  мен өзенде өлі боламын. Халқымның проблемаларын елемей қала алмадым. Қорлықпен өмір сүргенше өлуді таңдадым» деген.

Француз баспасөзінің хабарлауына қарағанда, 38 жасар Моради кеше жолдан өтіп бара жатқандардың араша болғанына қарамастан өзенге секірген. Денесі өзенде табылды.



Ұқсас жаңалықтар