Батқан кемеде қаза тапқандар саны 18-ге жетті
11 адам әлі табылмады.
Таиландта 19 желтоқсанда дауыл кезінде аударылған теңіз флотына қарасты кеменің экипажынан із-түзсіз кеткен 11 адам әлі табылмады. Ал қаза тапқандар саны 18-ге жетті.
Корольдік Таиланд Әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесінде борттағы 105 қызметкердің 76-сының аман қалғаны хабарланды.
Мәлімдемеде «18 адам қаза тапты, бірақ оның сегізінің аты-жөнін анықтау мүмкін болмады. Бүгінгі күні 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен» деп айтылды.
«HTMAS Sukhotai» әскери-теңіз кемесі Прачуап-Кхири Хан провинциясындағы Банг-Сафан уезінің жағалауынан небәрі 32 шақырым жерде патрульдеу кезінде дауылға тап болды. Дауылда корпусын су басқан кеменің электр жүйесіндегі қысқа тұйықталу салдарынан суға батқаны айтылды.
Билік Таиланд шығанағында аударылған кеменің бортында барлыөқ экипажға құтқару кеудешелері жеткіліксіз болғанын мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.