Акардан Әзербайжан хабарламасы

«Қарабах Әзербайжанның жері – Отан соғысының тарихы: Тұлға факторы» кітабының тұсаукесері Анкарада өтті.

1922731
Акардан Әзербайжан хабарламасы

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар түріктердің күшін әлемге танытқан Әзербайжан әскеріне бұдан былай ешкімнің теріс көзбен қарауына рұқсат берілмейтінін білдірді.

Бештепе Миллет Конгресс және мәдениет орталығы кітапханасында Әзербайжан Ұлттық Қорғаныс министрлігі және Баку губернаторлығының үлестерімен Анкарадағы Әзербайжан елшілігі тарапынан ұйымдастырылған «Қарабах Әзербайжанның жері – Отан соғысының тарихы: Тұлға факторы» атты кітаптың тұсаукесері «Миллет» кітапханасында өтті.

Бағдарламада сөз сөйлеген министр Акар Әзербайжан мен Армения арасында 44 күнге созылған 2-ші Қарабах соғысындағы оқиғалардың Түркия тарапынан да жақын қадағаланғанын атап «Бәріңіз (Әзербайжандықдар) жақсы білесіз, дегенмен әлемнің естігісі де, көргісі де келмейтін өте ауыр қырғындар, қанішерлер мен кісі өлтіру оқиғалары бастан кешілді. Осы оқиғалар орын алып жатқанда өкінішке орай Еуроодақ, НАТО, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да елдер мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бұл мәселелерге ешқандай сезімталдық, қызығушылық танытпады, қажетті сақтық шараларын қолданбады. Ресей, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Франция тең төрағалық ететін «МИНСК» тобы бұл мәселелерге өте немқұрайлылық танытты» деді.

Хулуси Акар "Бір ұлт ретінде Әзербайжан мен Түркияға қарсы қандай да бір қорқыту мен қауіп төндіретін жағдай болса бір жүрекпен қарсылық беруге дайынбыз" деді.

Хулуси Акар Әзербайжанның өз күресінде құқылы болғанын баршаның мойындап, барлық жерде қабылдануы үшін әр жерде ашық айту қажет екенін баса айтты. Акар «Түркия ретінде жасалу керек ең маңызды мәселелердің бірі осы. Біз мұны НАТО-дан бастап халықаралық платформаларда, екіжақты қарым-қатынастарымызда үнемі жоғары дауыспен айтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар