Угандада дағдарыс

Босқындар саны артып, азық-түлік дағдарысы асқынды.

1921464
Угандада дағдарыс

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Африкада ең көп босқын қабылдаған ел Угандада 500 мың босқынның азық-түлік мәселесімен бетпе-бет келгенін жариялады.

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Уганда директоры Абдирахман Мейгаг елдегі босқындар санының артуы мен азық-түлік мәселесіне назар аударды.

Мейгаг жақында Угандаға келген жаңа босқындардың қазіргі азық-түлік проблемасын арттырғанын білдіріп, Караможа аймағындағы 500 мың босқынның азық-түлік дағдарысымен бетпе-бет келгенін атап көрсетті.

Елде қажеттіліктен төмен өндіріс бар екеніне назар аударған Мейгаг азық-түлік дағдарысына қарсы шаралар қабылдауға шақырды.

Шамамен 1,3 миллион босқыны бар Шығыс Африка елі Уганда «Африка континентінде ең көп босқын қабылдаған ел» ретінде белгілі.



Ұқсас жаңалықтар