Ресейде мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда  өрт шықты

Ресейдің Иркутск облысындағы мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда  өрт шықты.

1920417
Ресейде мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда  өрт шықты

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Иркутск облысындағы Марковский мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда өрт шыққан.

Бір адам жарақат алған өрт бір гектардан астам аумаққа жайылып, оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді.

Марковский мұнай және табиғи газ кен орны елді мекендерден 2,5 шақырым жерде орналасқан.

Ресейдегі ірі жеке мұнай компанияларының бірі Иркутск мұнай компаниясына тиесілі кен орны 1962 жылдан бері жұмыс істеп келеді.



Ұқсас жаңалықтар